«Ағылшын филологиясы» кафедрасының аға оқытушысы Эммануэль Инегбедион халықаралық авторлар ұжымымен бірге «Bridging the AI divide in high school STEM education in developing countries: A systematic review» атты жүйелі шолудың тең авторы болды.

Мақала 2026 жылы Springer баспасының «Discover Education» журналында жарияланды. Жарияланым рецензияланады және Scopus дерекқорында индекстеледі.

Жұмыс дамушы елдердің жоғары сыныптарындағы STEM білім беруде жасанды интеллектіге қолжетімділіктегі алшақтық мәселесіне арналған. Эммануэль Инегбедионның зерттеу бағыттары — TESOL, көптілді білім беру және тілдік білім берудегі инклюзия.

Leave a Reply

KEEP READING...

You may also like