Факультет тарихы

Филология және спорт факультеті

Факультет тарихы

Филология және спорт факультетінің тарихы 1990-жылдардан, Маңғыстау өңірінде мектептер мен оқу орындары кеңінен ашылып, педагог кадрларға сұраныс артқан кезеңнен бастау алады.

Даму кезеңдері

19931 / 6

Ақтау филиалы

Білім министрінің бұйрығымен педагог кадрлар даярлау үшін Атырау университетінің Ақтау филиалы ашылды. Сол жылдың қараша айында Қазақ филологиясы кафедрасы құрылды.

Бүгінгі факультет

Факультет құрамында төрт кафедра жұмыс істейді:

01Қазақ филологиясы1993 жылдан бері қазақ тілі мен әдебиеті мамандарын даярлайды.
02Ағылшын филологиясыАғылшын тілі мұғалімдері мен филологтар, TESOL, CEFR.
03Әлемдік тілдерЕкі шетел тілі, мәдениетаралық коммуникация.
04Дене тәрбиесі және спортДене шынықтыру мұғалімдері мен жаттықтырушылар.

2025–2026 бастамалары

01Цифрлық құралдар және ЖИ2026 жылғы 21 сәуірде Ағылшын филологиясы кафедрасы «Importance and types of digital tools and AI in ELT» дөңгелек үстелін өткізді. Yessenov University, М. Өтемісұлы атындағы БҚУ және Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттері қатысты.
02NEO цифрлық платформасы2025–2026 оқу жылында ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтау және тілдік дағдыларды дамыту үшін NEO платформасы енгізілді: материалдар студенттің деңгейі мен қарқынына бейімделеді.
03Yessenov Language CenterАкадемиялық ағылшын тілі және IELTS-ке дайындық курстары, түрлі деңгейге арналған тегін пікірталас клубтары, оқытушыларға арналған кәсіби даму курстары.
04Академиялық ұтқырлықУниверситеттің 2026 жылғы есебі бойынша – 125 халықаралық серіктес, шетелдегі ұтқырлық бағдарламаларына 438 студент, 9 қос дипломды бағдарлама және Erasmus+ аясында 4 жоба.
05Студенттік ғылым2025 жылы студенттердің ғылыми конференциясы өтті. Білім алушылар тіл білімі, әдебиеттану, мәтінтану және шетел тілін оқыту әдістемесі бойынша зерттеулерін таныстырды.
06СпортСпорт залдары, тренажер және күрес залдары, бассейн, футбол алаңы, теннис залы; футбол, баскетбол, волейбол, бокс, жеңіл атлетика, жүзу, йога және үстел теннисі секциялары.

Жаңалықтар