Факультеттің миссиясы – қазақ, орыс және шетел тілдері мен әдебиетін, ұлттық рухани-мәдени мұраны, дене тәрбиесі мен спортты заманауи білім беру талаптарымен ұштастыра отырып, көптілді және көпмәдениетті ортада тиімді жұмыс істей алатын, сыни ойлайтын, зерттеушілік мәдениеті қалыптасқан және өмір бойы білім алуға ұмтылатын бәсекеге қабілетті педагогтар, филологтар және спорт мамандарын даярлау.
Филология және спорт факультеті – білім беру, ғылыми зерттеу және педагогикалық инновациялар саласында көшбасшылыққа ұмтылатын, халықаралық деңгейде танылған академиялық орталық болуды мақсат етеді.
Біз халықаралық серіктестікті, академиялық ұтқырлықты және ғылыми-зерттеу қызметін дамыту арқылы әлемдік білім кеңістігіне белсенді ықпалдасуды, білім мен спортты, ғылым мен тәжірибені тоғыстыруды көздейміз.