Факультеттің мақсаттары мен міндеттері

Филология және спорт факультеті

Факультеттің мақсаттары мен міндеттері

Сапалы білім беру арқылы білім алушылардың кәсіби, тілдік және ғылыми-зерттеу құзыреттерін қалыптастыру, ұлттық рухани мұраны зерттеу және дәріптеу, еңбек нарығының заманауи талаптарына сай білікті филологтар, тіл мұғалімдері, аудармашылар және дене шынықтыру мен спорт мамандарын даярлау.

Негізгі міндеттері

  • тіл, әдебиет, дене шынықтыру және спорт салаларында сапалы жоғары білім беруді қамтамасыз ету;
  • кәсіби білімі мен ғылыми-зерттеу құзыреттері жоғары мамандар даярлау;
  • қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі қолданыс аясын кеңейтуге үлес қосу;
  • студенттердің тілдік, педагогикалық және зерттеушілік құзыреттерін CEFR талаптарына сәйкес дамыту;
  • ұлттық әдеби және рухани мұраны сақтау, зерттеу және насихаттау;
  • заманауи педагогикалық және цифрлық технологияларды оқу үдерісіне енгізу;
  • білім алушылардың сыни, шығармашылық және ғылыми ойлау қабілеттерін дамыту;
  • теория мен тәжірибені ұштастыру: педагогикалық, өндірістік тәжірибе және дуальды оқыту;
  • білім беру бағдарламаларын еңбек нарығының талаптарына сәйкестендіру;
  • халықаралық ынтымақтастықты және академиялық ұтқырлықты дамыту;
  • студенттердің спорттық шеберлігін арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру;
  • өңірдің тілдік, әдеби және мәдени ерекшеліктерін ғылыми-білім беру үдерісімен сабақтастыру.

Қызмет бағыттары

Білім беруТіл, әдебиет, дене тәрбиесі және спорт бойынша іргелі теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру.
Ғылыми-зерттеуҒылыми жарияланымдар мен жобаларды жүзеге асыру, студенттерді ғылыми ізденіске тарту.
ӘдістемелікПәндер мазмұнын жетілдіру, бағдарламаларды жаңарту, оқытудың заманауи әдістерін енгізу.
Тәрбие және спортҰлттық құндылықтарды дәріптеу, спорт секциялары, жарыстар және студенттік іс-шаралар.