Филология және спорт факультеті – ұлттық руханият пен заманауи білімді, көптілді білім беру мен спорттық даярлықты ұштастыратын білім беру орталығы. Факультет қазақ, орыс және шетел тілдері мен әдебиеті, аударма, дене тәрбиесі және спорт салаларында бәсекеге қабілетті педагогтар, филологтар және спорт мамандарын даярлайды.
Оқу үдерісінде теория мен тәжірибенің сабақтастығына, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, академиялық адалдыққа, халықаралық ынтымақтастыққа және цифрлық технологияларға ерекше көңіл бөлінеді. АҚШ елшілігінің қолдауымен жүзеге асатын TESOL магистрлік бағдарламасы, CLIL технологиясы, Yessenov Language Center және NEO цифрлық платформасы студенттердің тілдік дайындығын күшейтеді.
Факультетте ғылым кандидаттары, PhD докторлары, профессорлар, қауымдастырылған профессорлар, магистрлер және шетелдік оқытушылар жұмыс істейді. Студенттер мектептерде педагогикалық және өндірістік тәжірибеден өтеді, спорт секцияларына, жарыстарға және ғылыми конференцияларға белсенді қатысады.