Қазақ халқының рухани тарихында айрықша орны бар Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 154 жыл толуына орай Филология және спорт факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен 1-курс студенттері арасында танымдық сайыс ұйымдастырылды.
Шара барысында студенттер ұлт ұстазының өмір жолы мен ғылыми-ағартушылық еңбектеріне қатысты білімдерін саралап, шығармаларынан үзінділер мен өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Бес кезеңнен құралған сайыс қатысушылардың тапқырлығы мен білімін сынап, ерекше белсенділікке жол ашты.
Әр кезеңде студенттер Ахмет Байтұрсынұлының әдеби, ғылыми және қоғамдық мұрасын қаншалықты меңгергендерін көрсетті. Тартысты өткен сайыс соңында білімін үздік таныткан командалар анықталып, жүлделі орындар мен марапаттарға ие болды.
«Ұлт ұстазының сөзі — ұрпаққа өнеге, мұрасы — мәңгілік қазына.»

