2026 жылғы 21 сәуірде Филология және спорт факультетінің «Ағылшын филологиясы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Importance and types of digital tools and AI in ELT» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара Ғылым күніне орай ұйымдастырылып, ағылшын тілін оқытудағы заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін талқылауға арналды.
Дөңгелек үстелге Yessenov University, Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті және Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттері қатысты. Yessenov University атынан «6B01705 – Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының студенттері белсенділік танытты.
Іс-шара барысында білім беру үдерісінде цифрлық құралдар мен жасанды интеллектіні тиімді пайдалану, олардың шетел тілдерін оқытудағы мүмкіндіктері, студенттердің оқу тәжірибесін жетілдіру және заманауи технологияларды оқу үдерісіне енгізу мәселелері қарастырылды. Студенттер өз тәжірибелерімен бөлісіп, цифрлық технологияларды қолдану бойынша пікір алмасты.
Іс-шараның маңызды ерекшеліктерінің бірі – бірнеше жоғары оқу орны студенттерінің бір алаңда тәжірибе алмасуы болды. Белсенді қатысып, мазмұнды пікірлерімен ерекшеленген білім алушыларға сертификаттар табысталды. Бұл бастама факультеттің шетел тілдерін оқытуда инновациялық технологияларды қолдануға және студенттердің цифрлық құзыреттерін дамытуға бағытталған жұмыстарын көрсетеді.

