Деканның хабарламасы

Айтбаева Нурсауле КонарбайқызыФилология және спорт факультетінің деканы
Декан

Айтбаева Нурсауле Конарбайқызы

Қауымдастырылған профессор (доцент)

Филология және спорт факультетінің деканы

Құрметті талапкерлер, студенттер, ата-аналар және әріптестер!

Сіздерді Академик Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің Филология және спорт факультетінің ресми парақшасында көргеніме қуаныштымын!

Филология және спорт факультеті ұлттық руханият пен заманауи білімді, көптілді білім беру мен спорттық даярлықты ұштастыратын білім беру орталығы. Білім алушылар бізде қазақ, орыс және ағылшын филологиясы, дене тәрбиесі және спорт, сондай-ақ дене шынықтыру және бастапқы әскери-технологиялық дайындық бағыттары бойынша сапалы білім алады.

Оқу үдерісінде теория мен тәжірибенің сабақтастығына, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, академиялық адалдыққа, халықаралық ынтымақтастыққа және цифрлық технологияларға ерекше көңіл бөлеміз. АҚШ елшілігінің қолдауымен жүзеге асатын TESOL магистрлік бағдарламасы, CLIL технологиясы, академиялық ұтқырлық және білікті профессор-оқытушылар құрамы әр студенттің өз мүмкіндігін толық ашуына жол береді.

Болашағыңызды филология, аударма, педагогика, дене тәрбиесі немесе спорт салаларымен байланыстырғыңыз келсе, біздің факультет сіз үшін дұрыс таңдау болатынына сенімдімін. Сіздерді үлкен әрі тату ұжымымызға шақырамын. Бірге білім алып, жаңа белестерді бағындырайық!

Ізгі ниетпен, Нурсауле Айтбаева — Филология және спорт факультетінің деканы
Байланыс · Emailnursaule.aitbayeva@yu.edu.kzЖазу